"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Талапкер ауылының "Әсем-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственного коммунального казенного предприятия "Ясли -сад  "Асем-Ай" села Талапкер при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

16.03.2022

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында айтылып өткендей, біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Енді ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттілігін жақсы білеміз.

Нақты жоспар жасап, соны жүзеге асырып әрі қарай жұмыс жасаймыз.

Мемлекет басшысы халық үшін барлық күш-жігерін жұмсайтының айқын атап өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер және бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін жұмылуға тиіспіз.

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейгенін, қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз деді. Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс екендігін алға тартты. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс. Бұл ретте, ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейтіндігін де атап өтті. Мемлекет тарапынан «Тегін техникалық және кәсіби білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыратынын жолдауында атап өтті. Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз. Пандемия еңбек нарығын едәуір өзгертті. Бұл – ең алдымен, қашықтан жұмыс істеу тәсілінің қарқынды дамуы туралы ерекше атап өтті. Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі болып қалатынын алға тартты.

 

 

 

Ақмола облысы білім басқармасының

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің

жанындағы Талапкер ауылының 

МКҚК «Әсем – Ай» бөбекжайыМеңгеруші Бекишева Асем Есенжоловна

 

Просмотров: 8056


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст