Мен Ақниязова Гульманат Маратқызы Целиноград ауданы, Талапкер ауылы «Әсем-Ай» Экологиялык балабакшасының тарбиешісімін.
Мен 2019 жылдың 2 қыркүйегінде өткен Президентіміз Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан Халқына Жолдауын естіп бір көңіл күйім көтеріліп қалды. Президентіміз алға көптеген нақты мақсаттар қойып,соны орындауға күш жұмсауда.
Әрбір қазақ халқының пікірімен санаса отырып, нақты қадамдарын айтты. Сонын ішінде Қазақ тіліміздің қатынас тіліне айналатынын атап өтті. Ауыл тұрғындарына кәсіп ашуға көмектесіп, жұмыссыздықты азайту мақсатында жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Кәсіпкерлікті дамытуды үлгі етті. Сонымен қатар оқулықтардың сапасыз екенін айтып, сапалы оқулыктар шығарып, білім саласына да жұмыс жүргізу керектігін айтты. Келер жылы Тауелсіздігімізге 30 жыл, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл және Әл – Фарабидың 1150 жылдығын тойлауға жоспарлар құруды тапсырды және осындай тарихи мәселелдерді ұлықтап еске алу нәтижесінде ұрпақтарымыздың осы санасына тарихты білуге тәрбиелеу. Жұмыстарды іске асыру ушін барлығын бірігіп жұмыс жасауға шақырды. Президентіміздің нақты атап айтқан осы Жолдаулары маған да әсер етті, бұл жалғыз маған ғана емес қазақ деп соғатын жүрегі бар жандарға да әсер еткеніне сенімдімін. Мен Президентіміздің осы мақсаттарын міндетті түрде орындайтынына 100% сенім білдіремін. Қазақстанымыз жайнай берсін!