"Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Талапкер ауылының "Әсем-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственного коммунального казенного предприятия "Ясли -сад "Асем-Ай"
села Талапкер при отделе образования по Целиноградскому району
управления образования Акмолинской области
Бүгін,2025 жылдың 03 қаңтарында еліміздің Президенті:Қасымжомарт Кемелұлының «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты бізді терең ойға жетеледі.Президентіміз: - «Тазалықты сақтау және табиғатты аялау,ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс» дегені,расында болашақтың иесі,біз тәрбиелеп отырған бөбекжайдағы тәрбиеленушілеріміздің бойына өзін қоршаған ортасын таза ұстауға және өз жерінің ,елінің табиғатын аялаудың негізін осы қазірден бастап салуымыз қажет, бүлдіршіндер, тазалықты сүю мен табиғатты аялауды үлкендерден көріп өскенде ғана бойына сіңіре аламыз, жалпы халық бұл мәселеге жеңіл-желпі көзқараста болмай, шынымен ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі ретінде қабылдағанда ғана туған жер табиғатын сақтап,өскелең ұрпақты сыртқы тазалыққа ғана емес, ішкі тазалыққа жетелейтінімізге нық сенуге болады. Сондықтан бұл мәселеге, еліміздің әр ересек азаматы, асқан жауапкершілікпен қарау қажет.