"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Талапкер ауылының "Әсем-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственного коммунального казенного предприятия "Ясли -сад  "Асем-Ай" села Талапкер при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Мемлекеттік қызмет көрсету

Балабақша әкімшілігі

Құрметті ата-аналар мен қонақтар!

«Ақмола облысы  білім  басқармасының Целиноград ауданы бойынша  білім  бөлімінің  жанындағы Талапкер ауылының  «Әсем-Ай»  балабақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының сайтына  қош келдіңіздер!

Біздің сайт сіздерге балабақшаның балабақшаның қызметі туралы ақпаратпен танысуға көмектесетініне сенімдіміз.

Сіздің балаңыздың алғашқы білімін, балалармен қарым-қатынасын жасау тәжірибесін алуы үшін біздің балабақшаға сенім артқандарыңызға алғыс білдіремін.

          Сіздердің орталарыңыздан балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне бей- жай қарамайтын пікірлес адамдарды тапсақ, біз қуанамыз. Сіз бізге өз балаңызды сеніп тапсырдыңыз, сізде бар ең құнды дүниені!

Бала балабақшада оны күтіп отырғанын түсініп, жанымен сезінсе, балабақшаны екінші үйіндей қабылдау үшін, бала тәрбиесінде үлкен шыдамдылық, мейірімділік сүйіспеншілік пен шынайы қарым- қатынас қажет!

Сайттың көмегімен сіз біздің балабақшада болып жатқан жаңалықтар мен қызықты оқиғалар туралы, педагогикалық ұжым қандай білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратындығы туралы ақпарат ала аласыз. Балабақша  мамандарына балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы сұрақтар қоя аласыз, педагогтар  туралы ақпарат біле аласыз,   тәрбиеленушілер  мен қызметкерлердің қызықты өмірінің фото және видео материалдарын  көре аласыз.

          Біз әрбір келушіге қуаныштымыз! Пікірлеріңіз бен тілектеріңізді қалдырыңыздар, біз тәрбие саласындағы  маңызды  және қызықты ұсыныстар мен ескертулерді тыңдауға дайынбыз.

Біз сізге әрдайым көмектесуге дайынбыз!

 

Құрметпен, балабақшаның меңгерушісі Бекишева Асем Есенжоловна

Жаңартылған күні: 22.01.2020 09:53
Құрылған күні: 19.01.2021 18:36

СоцСети

    

Комплеанс



Әдістемелік жұмыс



Ұйымдар тізімі
Текст