Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сауат ашу»
Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі
Мақсаты:
1.Балаларды «с» дыбысы және әрпімен таныстыру.
2.«С» дыбысына сөз , сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Қысқа сөздерді оқыту арқылы тілдерін дамыту. «С» әрпінің баспа түрін жазуға үйрете отырып,таза, сауатты жазуға үйрету.
3.Балалардың оқу қызметіне ,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,адамгершілікке, ұймшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ойын,көрнекілік,талдау,сұрақ-жауап,жұмбақ жасыру.
Көрнекілігі:көркем сурет әріптер , түрлі-түсті суреттер, текшелер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасайық.
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме! деп
Сәлемдесіп аламыз .
Шаттық шеңбері:
Кел достарым ,келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым кел бері
Толтырайық шаттыққа
Дөңгеленген шеңберді.
Негізгі бөлім.
-Балалар ,бүгін бізде сауат ашу оқу қызметі.Сендерге Сауатбек деген білгіш бала бір хат беріп жіберіпті.Ол сендерден бір көмек сұрағалы отыр.Бір затын жоғалтып алыпты.Қандай зат екенін айтпай отыр ,оны сабақ барысында тапсырмаларды орындаған кезде анықтайсыңдар деп отыр дұрыс орындасңдар мен сендерге бір әріптен беріп отырамын дейді.Көмектесеміз бе?
Ендеше бірінші тапсырма
1.Өткен оқу қызметінде қандай дыбыспен таныстыңдар?
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысымен.
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс .
-Б дыбысына байланысты қандай жыр-шұмақ жаттадық?
-Қане кім айтады?
Айзада.Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Әділет:Батам,батам батпасын,
Батам жерде жатпасын.
Балабақша балаларын,
Құдай өзі сақтасын.
Қонаққа келген апайлар,
Бізді әбден мақтасын.
Аман болсын қазағым,
Еш жамандық тартпасын.
Әзім:Балабақша базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақту,
Өз үйіміз сияқты.
Д/ойын «Шәшіліп қалған дыбыстар»
-Бірінші әріп –С
2.Екінші тапсырма
«С» дыбысына байланысты сұрақтар мен жұмбақтар.
Сақинаны,сағызды,
Сарымсақты,сәбізді
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз орақ тәрізді? (С)
-Әрине ,енді маған жауап беріңдер
Қыздар құлағына тағады — Сырға.
Қыздар қолына тағады — Сақина.
Уақытты көрсетеді — Сағат.
Сиырдан не алынады — Сүт.
Сызуға арналған құрал — Сызғыш
Мектепте не оқимыз — Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз — Сөмке.
Кірді немен жуамыз – Сабын
Балалар шайнайды – Сағыз
-Балалар осы сөздердің барлығы қандай дыбыстан басталып тұр? -Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпімен танысамыз.
-С қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс
-Қандай текшемен белгілейміз?
-Жарайсыңдар!
-Сағат, мысық, автобус,сандық (суреттер)-осы сөздерде «с» дыбысы бар,бірақ сөздердің басында,ортасында,аяғында кездеседі.
А әрпін ұсыну.
Ұшінші тапсырма
3.Сөздерді буынға бөліп ,дыбыстық талдау жасау.
Сүт-бір буын,3 дыбыс
Маса- 2 буын, 4 дыбыс
Сона-2 буын, 4 дыбыс
Буындап оқу – ас,са,со,тас, са-на, со-на (тақтада)
Ғ әрпін ұсыну
Сергіту сәті: Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
Төртінші тапсырма
4.Сөйлем құру.
А әрпін орналастыру.
Бесінші тапсырма
5. «С» әріпті бастыру
Т әріпті орналастыру, сөзді оқу.
Тапсырма «Сағатты жөндеу»
.Қорытындылау.
-Балалар оқу қызметі ұнады ма?
-Қандай дыбыспен таныстық.
Сауатбеке біздің көмегіміз тидіме?
Сағат не үшін керек?
Оқу қызметіне белсенді қатысқан ұшін рахмет және Сауатбек сендерге тәттілік тарту етті.