«Ата-аналарға арналған консультациялық пункттің
жұмысын ұйымдастыру жолдары»
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала-біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басынның қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
ҚР Конституциясында былай делінген: «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі міндеті» (27-бап, 2-т.) Отбасы баланың дамуын анықтайтын ең маңызды орта болып саналады. Балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық тәрбиенің қателігінің алдын-алу және жол бермеу, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.01.2009ж, №27 «Ата-аналарға арналған консультациялық пунктерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелерін бекіту туралы» бұйрығы негізге ала отырып «Ақбота балабақшасы» жедел басқару құқындағы МКҚК-да «Ата-аналарға арналған консультациялық пункт» 2013 жылдың мамыр айынан бастап ашылды. Ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында, балабақшамызда бала-бақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін АКП кеңес беретін жұмысты ұйымдастырдық. Ол үшін балабақшаға қараған терреториялық 0 жастан 6 жасқа караған балалардың тізімдерін жасадық. АКП-ға ұйымдастырылмаған балалармен жұмыс жасайтын педагогтар мен жұмыс жоспары құрылды, міндеттер бөлініп берілді.
Балабақшада АКП қызметін ұйымдастыру.
15-00-16-00 уақыт аралығында жүргізіледі, жұмыстың ұзақтылығы 25 минуттан кем болмауы.
АКП жұмысының ұйымдастырылуын кеңінен айтатын болсақ АКП жағдайында ата-аналармен жұмыс бірнеше кезеңдерден тұруы мүмкін:
Консультативтік пуктінің ұйымдастырылуы бөлімі
Балабақшаның әкімшілігі, педагогтары, педагог-психолог, медбике бірлесе отырып арнайы жұмыс жоспарын жасақтайды. Ата-аналармен және балалармен ақысыз келісім шартқа отырып, ата-аналармен балалардың медициналық денсаулығы туралы анықтамасы болуы керек. Ата-аналар өз еркімен өздерінің көкейтесті сұрақтарымен келе алады.
Консультация пуктінің ата-аналарға берер көмегі:
- сауықтыру;
- ағартушылық;
- кеңес
1. Сауалнама жүргізу - бала мен отбасы туралы төмендегі бөлімдер бойынша деректер алуды қарастырады,: бала туралы жалпы мәлімет, анамнестикалық деректер, отбасының баланың дамуына әсері, отбасының мамандармен ынтымақтастыққа дайындығы сипаттамасы.
2. Лекциялық-ағартушылық жұмыс мынадан тұрады:
– тәрбиенің нақты жағдайларында баламен әрекеттестіктің әртүрлі формаларын қолдану бойынша ұсыныстар;
- отбасы жағдайында психологиялыцқ-педагогикалық жәрдем беру.
3. Көрнекілік-ақпараттық жұмыс-тақырыптық кітаптар көрмесі, ақпараттық стенділер, ата-аналармен жиналыс өткізу.
Үйретушілік кезең отбасыны психологиялық-педагогикалық қызметке рет-ретімен тартуды қарастырады.
Міндеттері-мектепке дейінгі балалар дамуының психикалық , дене және сөйлеу дамуы проблемалары туралы жалпы білімін кеңейту, отбасында баламен жұмыс істеудің кейбір педагогикалық тәсілдеріне үйрету , мектепке даярлық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және баланың отбасылық тәрбиесі барысында тіл дамытуға баулу.
Бұл кезеңдегі педагогтер қызметінінің нәтижесінде –балалардың жан-жақты дене жағынан, жеке басының және зияткерлік дамуындағы бірлескен жұмыстағы ата-аналардың өз рөлін дұрыс түсінуі, балаларда мектепке даярлығының қалыптасуы, сондай-ақ оларды мектепке дейінгі балалар дамуының бастапқы білімдерінің болуы қарастырылады.
АКП кеңес беру-ұсыныс жасау қызметі мамандарының басты қызметі – тақырыптық кеңес беру, отбасы сағаты, жеке және топтық сұхбатар, кеңестер берулер, ата-аналарды түрлі мамандар сабақтарына қатысуға шақыру.
Лекциялық-ағартушылық қызмет- семинарлар, практикумдар мен тренингтер,
Көрнекілік-ақпараттық формасы- мектепке даярлық бұрышын, жылжымалы папкаларды безендіру.
Үйретуші кезеңідегі АКП мамандары қызметінің нәтижесі- ата-ананың отбасында баламен қарым-қатынас жасау негіздерін меңгеруі, бала мінез-құлқындағы жеке бастық өзгерістерін саналы түрде бағалауға байланысты біліктерінің қалыптасқандығы.
Қорытынды кезең төмендегі міндеттерін шешеді:
- баланың отбасымен жұмыстың тиімді тәсілдерін аңықтау;
- ата-аналардың үйрету барысында алған білімдерін балаларын дамыта оқыту және оларды мектептік маңызды дағдыларды қалыптастыруда пайдалануға дағдыларды;
- ата-аналардың мамандар ұсынған тапсырмаларды үй жағдайында орындауына бақылау жасауда әртүрлі формаларды қолдану.
консультативтік пуктінің жұмысы
Ата-аналарға арналған консультативтік пункт ақысыз жұмыс істейді.
Әр аптаның дүйсенбі ,бейсенбі күндері сағат 15-00-16-00 аралығында
мамандарға консультациясына жазылу телефоны: 8-7002688827
Консультативтік пунктте мына мамандар қабылдайды
1.Бекишева А.Е.- меңгеруші
2. Г.М.Акниязова - әдіскер
3. Психолог
4. М.Т.Жумабекова - логопед
5. Б.Қ.Жакудина - бейнелеу маманы
6. Б.Қ.Қайыржан - музыка жетекшісі
7. Е.Жұпархан - дене тәрбиесі жетекшісі
8. А.С.Махметова - тәрбиеші