Текст
«Әсем - Ай» бөбекжайында «Балбұлақ» мектепалды даярлық тобында тәрбиеші Байзильдина Сағыныштың ұйымдастыруымен «С» дыбысы мен әрпі тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді.
Мақсаты: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру.
С дыбысына сөз,сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қысқа сөздерді оқыту арқылы тілдерін дамыту. «С» әрпінің баспа түрін жазуға үйрете отырып таза,сауатты жазуға үйрету.
Балалардың оқу қызметіне, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.