Сіздерді 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт - аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
«Әсем-Ай» балабақшасында 1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күніне байланысты барлық топтарда ертеңгіліктер өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.